
Қазақстанда араққа деген сұраныс төмендей бастаған. Ал сыраға, керісінше, өскен деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Көрнекі фото: aif.ru
Мұндай ақпаратты “ҚазАлко” ассоциациясының президенті Әмірхан Қалиев мәлім етті. Айтуынша, араққа деген сұраныс еліміз тәуелсіздік алғалы бері төмендеп келеді.
Салалық кәсіпорындар саны да біршама азайған. Мәселен 2000-шы жылдары 52 болса, қазір небәрі 14-15 екен.
Маман алкогольдік ішімдік сатылымының әлсіреуін халықтың ұлттық дәстүрге бет бұра бастауымен байланыстырады.
“Соңғы уақытта еліміздегі тойлар алкогольсіз өтетін болған”, – дейді ұйым басшысы.
Алайда, қазақстандықтар сыраны көбірек сатып алатын болған дейді маман.
comments powered by HyperComments