Домой Новости Денис Теннің ісі қашан сотқа жолданатыны белгілі болды

Денис Теннің ісі қашан сотқа жолданатыны белгілі болды

Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істің сотқа жолданатын мерзімін атады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қалмұханбет Қасымов. Фото: NUR.KZ

Қалмұханбет Қасымов. Фото: NUR.KZ

“Біз екі қылмыскерге ұрлық, қарақшылық, және кісі өлімі бойынша айып тағып отырмыз. Ал бір әйел – ақпаратты жеткізбегені үшін айыпталуда”, – деді министр брифинг барысында.

Сондай-ақ Қасымов істің сотқа өтетін мерзімін де атап берді.

“Жақын арада, меніңше қыркүйектің соңына дейін, мүмкін, оған да жетпей іс сотқа жолданатын болады”, – деді ол.

comments powered by HyperComments