
Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істің сотқа жолданатын мерзімін атады деп хабарлайды NUR.KZ.
Қалмұханбет Қасымов. Фото: NUR.KZ
“Біз екі қылмыскерге ұрлық, қарақшылық, және кісі өлімі бойынша айып тағып отырмыз. Ал бір әйел – ақпаратты жеткізбегені үшін айыпталуда”, – деді министр брифинг барысында.
Сондай-ақ Қасымов істің сотқа өтетін мерзімін де атап берді.
comments powered by HyperComments“Жақын арада, меніңше қыркүйектің соңына дейін, мүмкін, оған да жетпей іс сотқа жолданатын болады”, – деді ол.