
Кеше түнде Алматыдағы ең үлкен базарда өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД-ға сілтеме жасаған zakon.kz жазады.
Фото: zakon.kz
Солтүстік айналма жолда орналасқан «Рахат» базары отқа оранды. Базардағы екі ярусты дүкендердің төбесі жанып кеткен. Әзірге, өрттің шығу себебі белгісіз.
Тілсіз жау сауда алаңының 50 шаршы метрін шарпыған.
Фото: zakon.kz
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минуттан кейін жетті. Оларға өртті ауыздықтау үшін 20 минут қажет болды.
Өрттен жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ.
comments powered by HyperComments