
Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын.
Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.
“Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар”, – дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.
Айта кетейік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.
comments powered by HyperComments