Домой Новости Әріптестерін жарылыстан ерлікпен құтқарған қазақ жігіті көпті тәнтті етті

Әріптестерін жарылыстан ерлікпен құтқарған қазақ жігіті көпті тәнтті етті

14 тамыз күні “Қазақстан” оқу-жаттығу полигонында белгісіз зат жарылып, 10 әскери қызметкер жарақат алған. Әскерилердің ішінде біреуі әріптестерін құтқарып, ерлік көрсеткен деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Military-kz.ucoz.org

Әскери қызметкерлердің арасында сержант Ахметов жарақатына қарамастан, болған төтенше жағдайды лагерьдегі басшылыққа жеткізуге асыққан. Ол КамАЗ-ға отырып, үш шақырым жер жүріпті.

Ахметовтің осы өжеттігінің арқасында барлық әскерилер дер кезінде медициналық көмек алыпты. Қазір олардың барлығын дәрігерлер қарап жатыр екен. Барлығының жағдайы қалыпты.

Болған оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр.

comments powered by HyperComments