
14 тамыз күні “Қазақстан” оқу-жаттығу полигонында белгісіз зат жарылып, 10 әскери қызметкер жарақат алған. Әскерилердің ішінде біреуі әріптестерін құтқарып, ерлік көрсеткен деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әскери қызметкерлердің арасында сержант Ахметов жарақатына қарамастан, болған төтенше жағдайды лагерьдегі басшылыққа жеткізуге асыққан. Ол КамАЗ-ға отырып, үш шақырым жер жүріпті.
Ахметовтің осы өжеттігінің арқасында барлық әскерилер дер кезінде медициналық көмек алыпты. Қазір олардың барлығын дәрігерлер қарап жатыр екен. Барлығының жағдайы қалыпты.
Болған оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр.
comments powered by HyperComments