Домой Новости Назарбаев егін ору науқанына дайындық барысымен танысты (фото)

Назарбаев егін ору науқанына дайындық барысымен танысты (фото)

Қазақстан президенті Ақмола облысы Бұланды ауданындағы «Журавлевка 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Назарбаев. Фото: Ақорда

Назарбаев. Фото: Ақорда

Ақмола облысына келген соң мемлекет басшысы дәнді және майлы дақылдар алқабын аралап, егін ору науқанына дайындық барысымен танысты.

“Астықтың уақтылы жиналуын қамтамасыз ету қажет. Бізге ауа-райы қолайлы болып тұр. Егін ору уақытының созылуы едәуір шығын келтіретіндіктен, бұл жұмыстарды жеделдету керек“, – деді елбасы.

Назарбаев. Фото: Ақорда

Назарбаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті агроөнеркәсіп кешеніне озық ғылыми жетістіктерді және цифрландыру үдерісін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Назарбаев. Фото: Ақорда

Назарбаев. Фото: Ақорда

“Шортанды ауданында тәжірибе ретінде алқаптардың электронды картасын енгізу, егістік жағдайына спутниктік мониторинг жасау, тұқымды ретімен егіп, тыңайтқыштарды дифференциалды түрде себу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл еңбек өнімділігін екі есе арттыруға, сондай-ақ шығынды 20 пайызға төмендете отырып, астық өнімділігін бес центнерден асыруға мүмкіндік береді”, – деді мемлекет басшысы.

Назарбаев. Фото: Ақорда

Назарбаев. Фото: Ақорда

Сонымен қатар, елбасы Қазақстанда және шетелде құрастырылатын техникалардың үлгілері қойылған ауыл шаруашылығы машиналарының көрмесін аралап көрді.
comments powered by HyperComments