Домой Новости Бірінші жекпе-жектен кейін Головкин мен Альварес қалай өзгерді?

Бірінші жекпе-жектен кейін Головкин мен Альварес қалай өзгерді?

Латынамерикалық ESPN басылымының журналисі Фернандо Барбоза орта салмақ бойынша қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикандық Сауль “Канело” Альварестің Лос-Анджелесте өткен ашық жаттығуларын көріп келгеннен кейін екеуінің физикалық формасына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.  “Боксшылардың жаттығуына куә болып қайттым. Головкин де, “Канело” да жақсы формада. GGG бұрынғыға қарағанда ауыр және баяулау көрінеді. Өз кезегінде “Канело” алдыңғы жылмен салыстырғанда біраз салмақ тастаған. Теория жүзінде мұндай физикалық салыстырулар түкке тұрмайды. Себебі екеуі алаңда мүлдем өзгеріп шыға келеді. Бәлкім, “Канело” жақсырақ шығар, алайда Головкиннің күші әлі қаз қалпында. Менің ойымша, екінші жекпе-жек біріншісіне қарағанда қызықты болады. Нокаутты асыға күтемін, алайда, жекпе-жектің тағдырын қазылар алқасы шешуі әбден мүмкін”, – дейді Барбоза.  Осыған дейін отандасымыз мексикалық қарсыласын бәсекелес болғандардың ішінен ең тәжірибелі екенін айтқан.  “Альварес чемпион емес. Ол өз жанкүйерлері мен боксты құрметтемейтін өтірікші. Мен болсам әлем чемпионы болып қала бергім келеді және отаныма жеңіспен оралсам деймін. Кезекті Big Drama Show-ға дайынмын. Жаттығу кезінде мен “Канело” жайлы ойламаймын. Мен тек өз жұмысымның нәтижесін 15 қыркүйекте өтетін “Канелоға” қарсы жекпе-жекте көрсетікім келеді”, – дейді Головкин.  Қазақстандық боксшының айтуынша, Альварес қайта қарсыласы болып түскеніне қуанған. Себебін оны “қайта соққыға жығу” мүмкіндігіне иеленгенімен түсіндірді.  Айта кетсек, жаттығу кезінде Головкин алаңда өзін ашушаң ұстайтынын, ал Альварес нокаутпен жеңетінін мәлімдеді.  Головкин мен Альварестің жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile алаңында 15 қыркүйекте өтеді. Келер жекпе-жекте қазақстандық өзінің барлық белбеуін көнге тігетінін айтты. Сондай-ақ, боксшылар The Ring титулдық чемпионы атауы үшін жұдырықтасатын болады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/boxing/brnsh-jekpe-jekten-keyn-golovkin-men-alvares-kalay-ozgerd-291563/

comments powered by HyperComments