Домой Новости Қазақстандықтар аяғына протез қажет болған аруға 50 мың еуро жинап берді (видео)

Қазақстандықтар аяғына протез қажет болған аруға 50 мың еуро жинап берді (видео)

Алматы тұрғыны осыдан екі жыл бұрын аса ауыр дерт салдарынан аяғынан айырылып қалған болатын. Алайда, кәсіби неміс дәрігерлері Надира Аухадиева үшін арнайы заманауи протез жасап шығарып, бойжеткеннің бұрынғы өмірін қайтарып берді деп жазады Астана телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: instagram.com/aukhadiyeva

Фото: instagram.com/aukhadiyeva

Надира бүгінде қайтадан жүруді үйреніп жатыр. Өйткені екі жыл ішінде оның аяғы физикалық ауыртпалықтарды ұмытып та қалған.

Бойжеткенге аяғын кесіп тастау керектігін айтқанда ол, қиын жағдайға қарамастан мойынсұнбай мәселені шешу жолдарын қарастыруға кірісті.

Ол қазақстандықтардан көмек сұрап, әрбір ел азаматынан өз еміне төрт теңгеден өткізуін өтінген. Надираның ауыр жағдайын естігендер оған белсенді түрде көмек қолын соза бастады.

Онығ емдік шараларына қажетті қаржыны жинауға өзге ел азаматтары да атсалысқан. Нәтижесінде көптің көмегімен 51 мың еуро қаржы жиналды.

Неміс дәрігерлері ол үшін арнайы заманауи протез жасап шығарды. Енді Надира жүруді қайтадан асынан үйреніп жүр.

Жасалған отадан кейін оның қалыпқа келуіне 6-8 ай керек болғанына қарамастан, ару қазірдің өзінде өзіне жұмыс іздеп болашаққа жоспар құруда.

comments powered by HyperComments