Домой Новости Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн суытады

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн суытады

“Қазгидромет” Қазақстан бойынша алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Елімізге Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа түсетін болады. Республиканың солтүстік бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады және екпінді жел күтіледі.

Күндізгі уақытта бұршақ түсуі мүмкін. Түнде температура 7-15 дейін, күндіз 18-25 градусқа дейін жыли түседі деп күтіледі.

Еліміздің қалған аймағында ауа температурасы бұрынғыдай климаттық нормаға жуық болады. 17-18 тамызда елдің оңтүстік-шығыс және шығысында, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр өтеді.

comments powered by HyperComments