
Өскемендегі 350 миллион долларға ашылған зауыт бір күн де жұмыс істемеген деп хабарлайды kaz.altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Фото: altaynews.kz
Аймақ басшысы бұл істі тексеруді қолға алмақ.
“Осы өндіріс орнын да жан-жақты тексеру қажет. Зауыт бір күн де жұмыс істемеген. Сондай-ақ, онда моральдық тұрғыда ескірген құрал-жабдықтардың орнатылғаны белгілі болып отыр. Яғни, мемлекет қаржысы желге ұшты деген сөз”, – деп сөзін түйіндеді аймақ басшысы.
Айта кетейік, Өскемендегі күн батареяларын шығаратын зауытты салуға қазынадан 350 миллион АҚШ доллары жұмсалған болатын. Дей тұрғанмен, аталған кәсіпорын әлі күнге дейін бірде-бір өнім шығармаған.
comments powered by HyperComments