Отырар ауданының Жаңа Шілік ауылында Қазақстанның Халық жазушысы, ақиық ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйі ашылды. Бұл туралы zamana.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Сурет: zamana.kz
Ақынның 76 жасқа толуына байланысты ашылған шығармашылық үй туған күніне тарту болды. Салтанатты жиынға жиналған меймандар ақынға сый-сыяпаттар тапсырған. Өнерпаздар ақынның өлеңдерін оқып, сырлы әндерін орындады.
Сурет: zamana.kz
Шығармашылық үй екі қабатты болып, ерекше дизайнмен салынған. Онда кітапхана, шығармашылықпен айналысатын жұмыс кабинеттері, демалыс бөлмелері және қонақ қабылдайтын бөлмелер бар. Бәрі де заманауи үлгіде жабдықталыпты. Келуші меймандар үйдің ішіне қойылған суреттер мен құжаттар арқылы ақиық ақынның бүкіл өмір жолымен дерлік таныса алады.
Жиынның әсерлі өткеніне риза болған ақын өз өмірінен естеліктер айтты, жиналған халыққа ризашылығын білдіріп, ғимараттың салынуына қаржылай демеушілік еткен белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжановқа алғысын жеткізді.
Сурет: zamana.kz