
Қырғызстанда қалалық кенеш депутаттары Ош қаласының жаңа мэрі ретінде Таалайбек Сарыбашевті сайлады. Қала басшылығына өзі ғана таласқан шенеунікке 45 депутаттың 44-і қолдап дауыс берген деп хабарлайы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Таалайбек Сарыбашев. Фото: centralasian.org
Депутаттарды өзінің бағдарламасымен таныстырған Сарыбашев Ошты екі жылда адам танымастай етіп өзгертуге уәде берді.
Мәселен ол салық төлемейтін кәсіптерді әшкерелеуді, барлық ресурсты халықты ауызсумен қамтамасыз етуге, балабақша мәселелерін шешуге және білім сапасын арттыруға жұмсауды көздеп отыр.
comments powered by HyperComments