
Ресейлік ақпарат құралдары әйгілі әнші әрі Мемлекеттік Думаның депутаты Иосиф Кобзонның ауыр халде ауруханаға түскені жайлы мәлімет таратып жатыр. Бұл туралы Ox.Azсайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Иосиф Кобзон. Сурет: gazeta.ru
“Кобзон Иосиф Давыдович мүлдем жатып қалды, оны бүгін арнайы қоларбамен әкелдік”, – делінген хабарламада.
Әртістің жары осыған қатысты ешқандай ақпарат айтпады, ал баспасөз хатшысы Варвара Анатолийқызы әншінің жағдайы мәз еместігін жеткізді.
“Оның жағдайы мүшкіл, бірақ әзірге ешқандай сұмдық жағдай орын алмады”, – деді ол.
80 жастағы Иосиф Кобзон соңғы жылдары онкологиялық сырқатпен күресіп келеді екен.
comments powered by HyperComments