
Алматыда Виктор мен Лейла Храпунованың ісі бойынша алдына ала тыңдалым өтуде. Айыпталушылар арасында Алматының экс-әкімінің орынбасары да бар. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматының экс-әкімінің орынбасары не себепті Виктор Храпуновпен бірге сотта айыпталып жатқанын сұрағандарға “мен Храпуновпен бірге емеспін” деп жауап берді.
Ол сонымен қатар ішінара жадынан айырылғанын алға тартқан.
“Бұл 15-20 жыл бұрын болды. Содан кейін 2008 жылы мені автобус соғып, жадымнан айырылдым. Қоғамдық көлік астынан әзер шығып, мүгедектік алғанмын“, – дейді Яков Заяц.
Ол 307 баптың екінші бөлігі (Қылмыстық кодекстің ескі редакциясы) бойынша айыпталуда. Экс-шенеунік бұған дейін істі болып көрмеген.
Айта кетсек, айыпталушылар 250 млн доллар көлемінде шығын келтірді деп бағалануда. Істің басты фигуранттары – Виктор мен Лейла Храпунова. Олар қазақстандық соттан Швейцарияда жасырынуда.
comments powered by HyperComments