
Грузия президентінің күйеу баласы Миндия Гогочуриге жұма күні кешке қарулы шабуыл жасалды, оқ тиген ол ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды РИА Новости “Рустави 2” телекомпаниясына сілтеме жасап. “Гогочури Республикалық ауруханаға жеткізілді, онда оған ота жасалады”, – деп хабарлады телеарна. Грузиялық БАҚ ІІМ-нің істі тергеуді бастағанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы белгісіз. Гогочури бірінші ханшайымның қызымен заңсыз некеде. Ол жұрт назарын алғаш рет 2017 жылдың қаңтарында аудараған еді. Сол кезде де ол досымен бірге оқ жарақатынан ауруханаға түскен болатын.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/world_news/gruziya-prezidentnn-kuyeu-balasyina-karulyi-shabuyil-290179/