Домой Новости “БЖЗҚ” өкілдері Qazkom клиенттеріне үндеу жасады

“БЖЗҚ” өкілдері Qazkom клиенттеріне үндеу жасады

“Казкоммерцбанк” АҚ ағымдағы/карталық шоттарына “БЖЗҚ” АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін “Қазақстан Халық банкі” АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Бұл туралы қор өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “БЖЗҚ” АҚ “Қазақстан Халық банкі” АҚ-ға қосылу арқылы “Қазкоммерцбанк” АҚ-ның ерікті қайта құрылуына байланысты “Қазкоммерцбанк” АҚ және “Қазақстан Халық банкі” АҚ банк шоттарын біріктіру жұмыстарының жүргізілгенін хабарлайды. “Қазкоммерцбанк” АҚ ағымдағы/карталық шоттарына “БЖЗҚ” АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін “Қазақстан Халық банкі” АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Сонымен бірге “Казкоммерцбанк” АҚ-да ашылған карталық шоттар қолдану мерзімдері аяқталғанға дейін жарамды. Толық ақпаратты www.halykbank.kz сайтынан немесе тегін 88000800059 нөмірі арқылы ала аласыз”, – деп түсіндірді “БЖЗҚ” өкілдері. Еске сала кетейік, мұның алдында 28 шілдеде Qazkom-ды Халық банкіне біріктіру процесі аяқталғаны хабарланған болатын.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/bjzk-oklder-Qazkom-klientterne-undeu-jasadyi-290834/

comments powered by HyperComments