
АҚШ-тың ВВС базасы B61-12 ядролық бомбасын сынақтан өткізді, – деп хабарлайды Military.com. Басылымның мәліметінше, сынақ кезінде B-2 Spirit бомбалаушылары қолданылған. АҚШ Энергетика министрлігі Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының қызметкері Майкл Люттонның айтуынша, жазғы квалификациялық сынақтар B61 бомбасының қауіпсіздік талаптарына мүмкіндігі қандай екенін көрсетті. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, АҚШ алдағы уақытта Еуропадағы әскери базаларда да B61-12 бомбасын сынақтан өткізуді жоспарлап отыр: Германияда, Италияда, Түркияда, Бельгияда және Нидерландыда.