Домой Новости UFC президенті МакГрегор – Нурмагомедов жекпе-жегінің қашан өтетінін айтты

UFC президенті МакГрегор – Нурмагомедов жекпе-жегінің қашан өтетінін айтты

Жекпе-жектен абсолют чемпионатының (UFC) президенті Дана Уайт ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы кездесудің қашан өтетінін жариялады, – деп хабарлайды MMA Fighting. “Біз Конормен Вегаста кездесеміз. Нью-Йорктегі жағдайдан кейін мен онымен кездескен жоқпын. Менің ойымша, маусымда болады. Оның Хабибпен төбелескісі келетіні сөзсіз. Хабиб те осы жекпе-жекке дайын деп ойлаймын. Жекпе-жек 2018 жылы өтуі тиіс”, – деді Уайт.  Сәуірдің соңында UFC басшысы МакГрегора мен Нурмагомедов арасында жекпе-жекті Ресейде өткізу мүмкінді болмауы мүмкін деген еді. Олардың кездесуі Лас-Вегаста болуы мүмкін.  Нурмагомедов – жеңіл салмақта UFC чемпионы, бұрындары осы белбеуді МакГрегордың меншігінде болатын. Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін ирландиялық спортшы Конор МакГрегорды UFC спортшылары мінген автобусқа шабуыл жасағаны үшін Нью-Йорк полициясы тұтқындаған еді.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/allsports/UFC-prezident-makgregor-nurmagomedov-jekpe-jegnn-kashan-289326/

comments powered by HyperComments