Степногорск қаласында аса қауіпті қылмыскерді ұстау сәтінің видеосы пайда болды. Желі қолданушылары аталған бейне жазбаны Вконтакте желісіндегі “Воспитан в Степногорске” тобына жолдауда деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Ролик авторының айтуынша, қылмыскер кепілге бір адамды ұстап отырған.
“Ол қарт кісі. Шамамен сексенге келген қарт адам”, – дейді болған жайттың куәгері.

Кадр видеодан алынды
Сонымен бірге ол қылмыскердің қолында пышақ болғанын да айтты. Видеоның астына жазылған пікірлерге назар салсақ, оны қаладағы 9 шағын ауданнан тапқан. Қашқын гараждар арасында тығылып жүрген көрінеді.
Еске салсақ, Ақмола облысындағы түрмеден қашып шыққан Қасенов кеше кешке ұсталған.
comments powered by HyperComments