
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі parlam.kz сайтына сілтеме жасап. “Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 29 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын”, – делінген Өкімде.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nyigmatulin-parlament-palatalaryinyin-brlesken-otyiryisyin-289882/