
Синоптиктер 19 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы “Қазгидрометке” сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңбыр. Көрнекі фото: Вокруг света
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай мен жаңбыр жауып, жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ болуы мүмкін.
Павлодар облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді. Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. КүндізОңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. ТүндеҚарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбылоблыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
comments powered by HyperComments