Қазақстандық боксшы Қанат Ислам АҚШ-та емханаға түсіп қалды. Бұл туралы “Профи Бокс Казахстана” атты Facebook парақшасында хабарланды деп жазады NUR.KZ порталы.

Қанат Ислам. Фото: facebook
Спортшы аяғынан жарақат алып, емханаға жатқызылған.
23 маусым күні ол рингте жекпе-жекке шығуы тиіс болатын, алайда енді жекпе-жекті спортшының жағдайына байланысты кейінге қалдыруға тура келеді.
Қанат Исламның өзі жиын кезінде оқыс жағдайға тап болғанын алға тартты. Ол табынушылары жекпе-жекті тамашалай алмайтынына өкінішін білдірді. Дегенмен аяғы жазыла сала рингке қайтып оралуға уәде етуде.
Спортшы рингке шамамен екі айдан кейін оралатынын болжады.
comments powered by HyperComments