Домой Новости Ақтаулық бала Андрей Малаховтың бағдарламасында көрерменнің көңілін босатты

Ақтаулық бала Андрей Малаховтың бағдарламасында көрерменнің көңілін босатты

Ақтаулық Нұрмұхаммед Жақып “Россия-1” телеарнасындағы “Привет, Андрей!” бағдарламасында өнер көрсетті. Бала Интернеттегі видеолармен атақты болған балаларға арналған бағдарламаға қатысты. “Бізде қонақта Қазақстаннан келген жарық жұлдыз”, – деп таныстырды жүргізуші Андрей Малахов.  Нұрмұхаммед анасына арналған әсерлі композицияны орындап берді. “Мен бұл әнді орындағанда анамды ойлаймын. Мен оны барлық аналарға арнаймын”, – деді ол өнер көрсетер алдында. Жас дарынның өнер көрсеткен сәті түсірілген эпизод 1:06:52-та басталады.

Нұрмұхаммед Жақып әлеуметтік желіде кеңінен танымал, деп хабарлады “Лада”. Қазір оның Instagram парақшасында 260 мыңнан аса оқырман бар. Баланың тыңдармандары оны Қазақстан эстрадасының болашақ жұлдызы деп атайды.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/strange_news/aktaulyik-bala-andrey-malahovtyin-bagdarlamasyinda-289452/

comments powered by HyperComments