Домой Новости «Жеңімпаз жолы»: Қазақстанда алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында веложарыс жеңімпазы...

«Жеңімпаз жолы»: Қазақстанда алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында веложарыс жеңімпазы анықталды.

2018 жылдың 19-20 мамыры аралығында Қазақстанның 8 өңірінен балалар үйі тәрбиеленушілері арасында Алматы қаласында «Жеңімпаз жолы» атты елімізде алғашқы рет веложарыс өткізілді. 14-16 жас аралығындағы балалар үйі мен мектеп-интернаттарда  тұратын, жетім немесе ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар екі күнде 20 км дистанцияны бағындырған болатын.

Ұйымдастырушы «BAURZHAN Foundation» жеке қорының жоба бойынша координаторы Шырын Сәрсенбекова  жарыстың балалар үйінің арасында алғаш рет өткізілгенін жеткізді:

«Біз алты жыл көлемінде балалар үйінің тәрбиеленушілерімен фондтың өзге жобалары аясында спорттық жарыстар ұйымдастырып келеміз, ал веложарысты алғаш рет өткізілді. Бұл жоба арқылы спорттың барлық балаларға қол жетімді болуын мақсат етеміз. Ал әлемдегі үздік «Испания Вуэльтасы» гранд-турын өз көзімен көріп, кумирлерімен кездесу-балалар үшін  өмірлеріндегі естен кетпес сәтке айналары сөзсіз. Және де бұл болашақтағы үлкен жетістіктердің бастамасы боларына сенеміз» .  

Биылғы жылы жеңімпаз команда – әлемдік «Испания Вуэльтасы» гранд-турының бірнеше кезеңіне көрермен болады. Тур де Франс және Джиро д’Италиямен қатар әлемдегі ең беделді үш веложарыстарының қатарына кіретін гранд-турды өз көзімен көріп, кумирлерімен кездесуге Қарағанды қаласының «Таңшолпан» командасы ие болды.

«Astana Pro Team» велокомандасының кәсіпқой спортшысы Артём Захаров та жарыс туралы өз ойын білдіріп, балаларға сәттілік тіледі:

 «Мен балалар үйіне де велоспорттың қол жетімді бола бастағанына қуаныштымын. Осы жобаның қатысушылары арасынан дарынды балаларды да байқауға болады. Алдағы уақытты жақсы кәсіпқой спортшы бола алады деп сенемін. Барлықтарына сәттілік!»

   Жарыс қорытындасы бойынша Қарағанды қаласының «Таңшолпан» командасы, ал жекелей есеп бойынша «Таңшолпандық» Виталий Щелкушкин межеге бірінші жетіп, жарыстың көшбасшы атанды.

 Ұйымдастырушылары «BAURZHAN Foundation» жеке қоры мен «Олимп» спорттық-рекреациялық орталығы» болып табылатын чемпионат арқылы балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне өз мүмкіндігін байқауға, трассада өз күштерін көрсетуге және дәлелдеуге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар,бұл шара балалардың өзіне, болашағына деген сенімінің нығайтып, кәсіпқой спортқа алғашқы қадамдары болмақ.

comments powered by HyperComments