Домой Новости Украинада қазақстандық журналисті елден қуып шықты

Украинада қазақстандық журналисті елден қуып шықты

Украинадан “Россия” арнасы мен “Бірінші арнаның” журналистерін күштеп шығарып жіберді. Валентина Соловьева мен Ольга Юрьева енді Украин шекарасына үш жыл бойы кіре алмайды деп хабарлайды vesti.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: РИА Новости Украина

Аталмыш журналистер ел шекарасын аттап, Ұлы Отан соғысы жайлы мәліметтер түсірген. Алайда олардың түсірген ақпараттары теріс бағытта таратылады деп айтыпталып, қолда бар барлық таспалары мен жазбалары тәркілеген.

Украинаның ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері: “Олардың түсірген ақпараттары Украинаның жасаған бейбіт әрекеттерін әлем алдында теріс бағытта көрсетпек. Жалған ақпарат таратпақ болды”, – дейді.

Айта кетейік, 2017 жылдың тамызында Украина Ресейдің танымал үш журналистін де елден осылай қуып шыққан болатын.

comments powered by HyperComments