
ТНТ арнасының шоу бағдарламасының қатысушысы Нәзима Жәнібекова келесі кезеңде Тиматимен дуэт орындайтын болды. Бұл жаңалықты жартылай жалаңаш образымен сынға қалған бойжеткеннің өзі айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Нәзима Жәнібекова. Фото: Instagram
Тимати қазақстандық әншімен алғаш рет дуэт орындайды. Осыған дейін еліміздің бірде-бір жұлдызы рэпермен бірге ән жаздырмаған.
Жұптар бағдарлама қатысушылары арасында жеребемен таңдалған.
“Тимитимен ән жаздырамын деп ешқашан ойламағанмын. Ал сіздер онымен ән орындағандарыңызды елестете аласыздар ма?”, – деп мақтанды Жәнібекова.
Айта кетейік, қазақстандық арудың өнерін Тиматидің өзі жоғары бағаға лайықты деп таныған болатын.
comments powered by HyperComments