Капитан Марвел туралы фильм жарыққа шыққаннан кейін Marvel киноғаламы көрермендерді комикстерінің алғашқы мұсылман сурепқаһарман әйелмен таныстырмақ, – деп хабарлайды “Союз” Marvel студиясының басшысы Кевин Файгиге сілтеме жасап.
Файгидің сөзінше, Marvel киноғаламының командасы Мисс Марвел / Камала Ханға жоспары үлкен.
“Бри Ларсон қатысып жатқан “Капитан Марвел” түсірілімі дәл қазір жүріп жатыр. Мисс Марвел – комикстің тағы бір кейіпкері – Капитан Марвелден шабыт алған мұсылман әйел. Оған қатысты жоспарымыз бар, бірақ, Капитан Марвелды жарыққа шығарғаннан кейін”, – деп мәлімдеді ол.
“Кек алушылар: Шексіз соғыс” фильмі 3 мамырда көрсетіле бастады және Marvel кинематографиялық ғаламының 19-шы картинасы болды.
“Кек алушылар: Шексіз соғыс” фильмі 3 мамырда көрсетіле бастады және Marvel кинематографиялық ғаламының 19-шы картинасы болды. Жақында америкалық актриса Гвинет Пэлтроу (Пеппер Потс) “Кек алушылардың” франшизасы “Шексіз соғыстың” жалғасы қандай болатынын айтқан еді.