Домой Новости Әкімдер рейтингінде топ жарған шенеуніктер анықталды (фото)

Әкімдер рейтингінде топ жарған шенеуніктер анықталды (фото)

«Саясат-Monitoring» саясаттанушылар, қоғамдық қайраткерлер, блогерлер мен журналистерден құралған респонденттер арқылы айдың үздік әкімдерін анықтады. Сәуірдің 23-і мен 26-сы аралығында өткен сауалнама қорытындысын sayasat.org басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

Бауыржан Бәйбек

Бауыржан Бәйбек. Фото: Kazday

Бірінші орынға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек ие болған. Ол қаладағы жөндеу жұмыстары мен қаланы көркейту жұмыстарына ден қою арқылы айрықша көзге түскен.

Әсет Исекешов

Әсет Исекешев. Фото: Astana.gov.kz

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов болса қаланың 20 жылдық мерейтойына арналған жиын өткізіп, дайындықты белсенді түрде бастап кетіуімен ерекшеленді. Сарапшылардың айтуынша, қаланың мерейтойы маңыздылығы жөнінен ЭКСПО-2017 көрмесінен кем түспейтін шара.

Қырымбек Көшербаев

Қырымбек Көшербаев. Фото: Kyzylorda-News.kz

Әкімдер рейтингіндегі үшінші орын Қырымбек Көшербаевқа тиесілі.

Мәлік Мырзалин

Мәлік Мырзалин: Фото: “Любимый город” – Кокшетау

Ақмола облысының әкімі де үздік әкімдердің бестігіне енген.

Ерлан Қошанов

Ерлан Қошанов: Atameken Business Channel

Қарағанды облысының әкімі рейтингте бесінші орынға көтерілген. Мұның бірден бір себебі осы ай ішіндегі оның әкім ретінде атқарған жұмыстары болып отыр. Мәселен, ол облыс орталығын дамытуға барынша күш салып, бірқатар нәтижелерге қол жеткізген.

Бір айдың ішіндегі үздік он әкім қатарынан Бердібек Сапарбаевты, Даниал Ахметовты, Амандық Баталовтарды көруге болады.

Рейтинг

comments powered by HyperComments