Домой Новости Kaspi.kz пен Sulpak тауар құнын 12 айға дейін бөліп төлеуге ұсынды

Kaspi.kz пен Sulpak тауар құнын 12 айға дейін бөліп төлеуге ұсынды

Kaspi.kz қазақстандықтарды тағы да қуантады! 21 мамырда Kaspi.kz пен Sulpak электроника дүкендері желісінің бірлескен акциясы басталды. Екі апта бойы 3 маусымға дейін Sulpak дүкендерінде және Kaspi.kz қосымшасы арқылы тауарды 12 айға дейін бөліп төлеуге алуға болады.

«Біз сүйікті клиенттеріміз үшін Sulpak-пен бірлескен акция өткізуді шештік,-дейді Kaspi төрағасы Михаил Ломтадзе.-Акция кезінде әрбір қазақстандық 12 айға дейін артық төлемсіз, пайызсыз, комиссиясыз және сақтандырусыз бөліп төлеуге сатып алады. Акция аясындағы тауарды кез-келген Sulpak дүкендері мен үйден шықпастан ұялы телефонның көмегімен Kaspi.kz қосымшасы арқылы алуға болады. Сүйікті клиенттерімізге бөліп төлеу шартымен тиімді сауда жасауды тілейміз».

comments powered by HyperComments