Алматы облысындағы Есік қаласында болған атыс салдарынан екі адам жарақат алды. Олардың бірі ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кей мәліметтер бойынша, марқұм ІІАБ қызметкері болған. Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, оқиға мамырдың сегізіне қараған түні болған. Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасындағылар Tengrinews.kz тілшісіне 8 мамырда сағат 03:00-де оқ жарақатын алған екі ер адам түскен айтады. Олардың бірі 31 жастағы полицей 11 мамырда көз жұмды. Оқ тигеннен бөлек, ол көптеген өзге жарақаттар алған. Екінші адамның жағдайы – тұрақты. Тиген оқ аяғын сындырған. Дәрігерлердің сөзінше, 1986 жылғы ер адам еш жерде жұмыс істемейді. Мұның алдында Tengrinews.kz Алматы облысының ІІД-не ресми сауал жолдаған болатын.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/events/eskte-atyis-bolyip-politsey-kaza-taptyi-288957/