
Бүгін – 25 мамыр. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерде соңғы қоңырау соғылып, жас түлектер жаңа өмірге қадам басты. Осы орайда балаларға мейірімімен қатар бар ықыласын арнап, білім беруде өзіндік үлесін қосып жүрген ұстаздар қауымын елеп-ескеру мақсатында NUR.KZ порталы “еліміздегі ең әдемі ұстаз” байқауының жеңімпаздарын назарға ұсынады.
Нәтижесінде оқырмандардың ең көп дауысына ие болған, “еліміздегі ең әдемі ұстаз” деген атқа лайық деп танылған ұстаздар топ жарды.
Дәулетбақова Салтанат Жанболатқызы
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
“Туған жерім Алматы облысының, Жалаңаш ауылы. Отбасында бес баланың үшіншісімін. Еңбек жолымды Алматыдағы N175 гимназияда бастадым. “Жыл мұғалімі” байқауына қатысып 3-орын иегері атандым. Бұл байқау менің өмірімде үлкен өзгерістерімен ерекшеленеді. Себебі өмірлік серігім – Медет Иманбекұлын осы байқауда жолықтырдым. Ол да – ұстаз. Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ əдіскері болып қызмет атқарады. Тағдырымыз бір арнада тоғысқан азамат Алматы облысының Райымбек ауданындағы “Қайнар” ауылының тумасы.
еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды
Салтанат бүгінде ата-енеге ибалы келін, жұбайына сүйікті жар, бесік тербеткен ана.
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Сонымен бірге ол ұстаздық қызмет – өмірінің мәні екенін де мәнерлі сөзбен жеткізген.
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Аманбаева Маржан Маратқызы
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
“Мен кішкентайымнан сабақты жақсы оқыдым. Ұстаздықты таңдауыма себеп болған да менің білімге деген құштарлығым. Ұстаздар әулетінен тарап, ұстаздар отбасынан шығуым да осы жолға түсуіме әсер еткен болар. Атам Аманбаев Ақан, апам Жанысқызы Әлима, нағашы атам Үйсінтаев Айдаш сияқты Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен өмірін ұстаздыққа арнаған адамдардың немересімін. Осы кісілердің жолын екі жақтағы аға-әпкелерім жалғастырып, бүгінгі таңда олар ардагер ұстаздар қатарын толықтырып отыр. Ал ата-апаларымның жолын қууға бірден бір себепкер марқұм әкем – Аманбаев Марат Ақанұлы болды. Ол кісі маған үнемі жол сілтеп, өмір жолымдағы қорғаным бола білді. Үйімнің үлкені болғандықтан, артымнан ерген жалғыз ініме қамқор болуға баулыды.
Мектеп – бұл әр адамның өмірдегі иірімін табуға көмектесетін үлкен алтын шаңырақ. Сондықтан, мұндай алтын шаңырақта алтындай балаларға бағыт сілтеп, оларды ізгілікке үйрету – мен үшін бақыт. Мектепте өткізген әр күнім маған қуаныш сыйлайды”, – деп сырын ақтарды ұстаз.
Алты жылдан бері мектепте еңбек етіп келе жатқан Маржан әріптестері арасында білімімен, жаңашылдығымен, алғырлығымен сыйлы.
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Маржанның айтуынша, оның үйіндегі ата-енесі де ұстаз келінін барынша қолдап отырады.
“Менің ата-енем үйде тілеуімді тілеп отыратын ізгі жандар. Олардың қолдауын сезінгесін, менің де жұмысымдағы тасым өрге домалайды. Жанашырым, ақылшым , тілекшім болған анашымның барына шүкіршілік етемін. Егер ол кісілер болмаса, мен елге сыйлы, ортамда құрметті болар ма едім?!
Сондықтан, маған артылған үміттің туы жығылмас үшін қазақтың инабатты келіні, өнегелі ұстазы болуға барымды саламын”, – дейді жас ұстаз.
Байқауға қатысып, оқырмандардың ықыласына ие болған ұстаздардың тағы бірі – Ноғаева Айнаш Закаряқызы
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Еліміздегі ең әдемі ұстаз анықталды (фото)
Айнаш Закаряқызы қалалық, республикалық семинарлар мен ғылыми конференцияларға да белсене қатысады. Оның оқушылары қалалық, респубикалық сайыстар мен олимпиада жүлдегерлері.
Отбасылы, екі қыз, бір ұлы бар мұғалім аяулы жар, бақытты ана атанып отыр.
NUR.KZ ұйымдастырған байқау жеңімпаздарына арнайы диплом табысталатын болады.
comments powered by HyperComments