Домой Новости Белгілі бизнесмен Еркін Әмірханов қамауға алынды

Белгілі бизнесмен Еркін Әмірханов қамауға алынды

Астанада параға коммерциялық сатып алу күдігімен Forbes тізіміндегі белгілі бизнесмен Еркін Әмірханов қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  “Ұлттық қауіпсіздік комитеті “Центрказэнергомонтаж” АҚ-тың сатып алу қызметі жөніндегі бұрынғы төрағасы Е.А.Әмірхановқа қатысты соталды тергеу бастады, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 253-бабының 6-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді”, – деп хабарлады ведомство өкілдері. Бизнесмен 5 мамырда ұсталған. Келесі күні Астананың №2 Есіл аудандық соты оған қатысты екі ай мерзімге “қамауға алу” түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.  “Соталды тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігі бойынша істің өзге мәліметтері жария етілмейді”, – дейді ҰҚК өкілдері.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/belgl-biznesmen-erkn-amrhanov-kamauga-alyindyi-289182/

comments powered by HyperComments