Домой Новости Бауыржан Байбек блогерлер мен фейктерге қатысты пікір білдірді

Бауыржан Байбек блогерлер мен фейктерге қатысты пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімі Бауыржан Байбек XV Еуразиялық медиафорумға қатысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қала әкімі геосаяси және өркениеттер қақтығыстарының көз алдымызда күшейіп бара жатқанын айтып өтті. “Халықаралық саяси құралдар ретінде бірінші кезекте – күш, қысым, қорқытулар қолданылады. Әлемдік масс-медиа өңірлік және жаһандық соғыстың құралы болып бара жатыр. Фейктер әділдік пен жауапкершілік принциптерін бұзып жатыр. Ал бүгінде БАҚ-тың мүмкіндіктері мынандай – қоғамдық пікір арқылы түрлі айла-амалдар жасап қана қоймай, құндылықтарды өзгерту (…) “, – дейді Байбек. Сондай-ақ, қала әкімі осы форумның әлемде болып жатқан процестерді талқылауға мүмкіндік беріп, проблемаларды шешуге тиімді жауаптар табуға ықпал ететініне сенімді екенін айтады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/bauyirjan-baybek-blogerler-men-feykterge-katyistyi-pkr-bldrd-289184/

comments powered by HyperComments