Домой Новости Қазақстанның сыртқы қарызы 14 триллион теңгеден асып жығылды

Қазақстанның сыртқы қарызы 14 триллион теңгеден асып жығылды

Тengrinews.kz коллажы

Қазақстанның 2018 жылдың наурызындағы мемлекеттік қарызының жиынтығы – 14,8 триллион теңге, – деп хабарлайды Finprom.kz.  Мемлекеттік қарыз 20,9 пайызға (12,3 триллион теңге болатын) өскен. Елдің мемлекеттік қарызының жиынтығы – мемлекеттік қарыз – 14,3 триллион теңге (бір жылда 20,1 пайызға артқан), кепілдендірілген мемлекеттік қарыз – 428,5 миллиард теңге (59,4 пайызға өскен) және мемлекет кепілдігімен алынған қарыз – 37,8 миллиард теңге. Сонымен қатар, мемлекеттік қарыздың өсуіне негізгі себеп – ҚР үкіметінің ішкі қарызы (салыстырмалы үлесі – 39,5 пайыз). Бір жылда ол 30,9 пайызға өскен – 4,4-тен 5,7 триллион теңгеге дейін. Ал сыртқы қарыз айтарлықтай өзгермеген – 0,1 пайыз немесе 5 миллиард теңге. Соңғы бес жылда мемлекеттік қарыз 3,7 есе (10,8 триллион теңге) артқан – 4-тен 14,8 триллион теңгеге дейін.

comments powered by HyperComments