“Қазгидромет”РМК Қазақстан бойынша демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZпорталы.

Жаңбыр. Көрнекі фото: DonDay
12-14 мамырда жауын-шашын болып, күн суытады.
Алдағы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбырлы, найзағайлы, бұлтты ауа-райы күтіледі.
Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, кей жерлерде күшті екпінді жел соғып, найзағай болады.
Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық норма шегінде болады, ал солтүстік, орталық және шығыс облыстардыңкей жерлерінде екі градусқа дейін суық сақталады.
comments powered by HyperComments