Қазгидромет шаңды дауылға байланысты бес облысқа ескерту жариялады деп хабарлайды 24.kz.

Жел. Көрнекі фото: Волоколамский край
11 мамырда Атырау облысында күн күркіреп, шаңды дауыл, шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы мүмкін.
Орал қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, тәулік бойы оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20, екпіні 25 метрлі желдің күшеюі шаңды дауылмен күтіледі.
comments powered by HyperComments