Домой Новости Алматыда менингококк инфекциясынан студент қайтыс болды

Алматыда менингококк инфекциясынан студент қайтыс болды

© nvdaily.ru

Алматыдағы менингококк инфекциясынан 1-курс студенті қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті қалалық Денсаулық сақтау департаментінің өкілдері растады. “Кеше таңертең 1-курс студенті келіп түсті. Кешке қарай менингококк инфекциясы салдарынан көз жұмды”, – деп хабарлады департамент басшыс Айзат Молдағасымова. Еске сала кетейік, 21 мамырда бұл дерт 15 адамда анықталған еді. Жалпы үш адам қайтыс болды – екі ересек адам мен бір бала. Менингококк инфекциясы – инфекциялық жұқпалы ауру, ол түрлі клиникалық белгілермен бактериялар арқылы пайда болады – таратушыда белгілері білінбейтін болуы да мүмкін немесе назофарингиттен (мұрын-жұтқыншақ қабынуы), менингиттен (ми қабығының қабынуы) болуы мүмкін. Инфекцияның көзі – ауру адамдар және дені сау таратушылар.

comments powered by HyperComments