Алматыда 4 жастағы Әрсен Көмеков үш күннен бері табылмай жатыр. Ата-анасы балақайды 17 мамырдан бері іздеуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Ішкі істер департаменті
Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, “Шаңырақ” ауданында тұратын балақай сол күні түстен кейін ата-анасының қарауынсыз сыртта ойнап жүрген.
Әрсеннің әке-шешесі сол күні кешкі 9-да полицияға хабарласқан. Олар оған дейін баланы өздігінен таппақ болыпты.
Қазір баланы іздестіруге 100-ден аса адам жұмылдырылған. 18 мыңнан астам тұрғыннан сұрау салынып, құдықтар мен арық бойлары қаралған.
Айта кетейік, жоғалған баланың ата-анасы ұлдарына қатысты ақпарат білетін адамдардан 227-55-00; 227-55-01; 227-55-02; 8-701-523-17-07 номеріне немесе полиция хабарласуын өтінді.
comments powered by HyperComments