АИ-80 маркалы жанармай бағасы еркін айналымға жіберілуі мүмкін деп хабарлайды Kolesa.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Газета “Спектр”
Айта кетсек, АИ-80 жанармайының бағасын реттеуді тоқтату қаңтарда жоспарланған болатын. Бұл – бағасын мемлекет қана қоятын жанар-жағармайдың жалғыз түрі.
Шенеуніктердің айтуынша, елдің мұнай қорытпа зауыттарын модернизациялау аяқталғаннан кейін Қазақстанда АИ-80 жанармайын шығару тоқтатылады.
Энергетика министрлігі жанар-жағармайға максималды қолжетімді бағаларды реттеуге тыйым салу туралы шешімді шығармақшы. Шешімнің толық нұсқасы egov.kz сайтында жарияланған.
Мемлекеттік қызметкерлердің айтуына қарағанда, бүгінде АИ-80 жанармайының максималды жекелей бағасы литріне 89 теңгені, АИ-92 жанармайы литріне 161 теңгені құрайды.
Қазақстандық жанармай құю станцияларында төменоктанды мұнай шикізатын сапалы ету үшін АИ-92 жанармайын АИ-80-мен қосып, сатылымға шығарады.
АИ-80 жанармай тапшылығын тудырмас үшін аталмыш жанармай бағасын еркін айналымға жіберу ұсынылды.
comments powered by HyperComments