Домой Новости АҚШ-та Қазақстанның төрт боксшысын спорттан шеттетті

АҚШ-та Қазақстанның төрт боксшысын спорттан шеттетті

Қазақстандық төрт кәсіпқой боксшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілді. Олардың арасында Нью-Йорктегі қазақ-полицейі Димаш Ниязов та бар деп хабарлайды  NUR.KZ.

Фото: Отырар TV

Димаштан бөлек шеттетілгендердің арасында тағы үш қазақстандық боксшы бар. Олар: Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов.

Басылымының мәліметінше, Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясы Тәжібайды 21 мамырға дейін, ал Ниязовты 27 маусымға дейін шеттекен.

Ал Шәрібаев (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловты (19 маусымға дейін) Калифорния штатының атлетикалық комиссиясының санкциясына іліккен.

Әзірге олардың не себепті шеттетілгені белгісіз. Медициналық сипаттағы санкция болуы мүмкін.

comments powered by HyperComments