Домой Новости 5 миллион: Тұрсынбек Қабатовтың гонорарын естіген жігіт талып қала жаздады

5 миллион: Тұрсынбек Қабатовтың гонорарын естіген жігіт талып қала жаздады

Тұрсынбек Қабатовтың бір тойды жүргізіп беруге алатын ақысы – 5 миллион теңге. Әзілкешті тойына шақырғысы келген жігіт бұл бағаны естіп талып қала жаздаған деп хабарлайды “Хит-ТВ” арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатов. Фото-коллаж: NUR.KZ

Тұрсынбек Қабатов. Фото-коллаж: NUR.KZ

Қабатовтың бұл ісін әріптестері де, той иелері де сынап тастады.

“Бұл 5 миллион деген баға, миға сыймайды. Түсінбедім?! Бұны жағдайы бар адамдар жасар. Ал қарапайым халық көргісі келеді ғой, оны. Соларға қарап кейінгі “жұлдызсымақтар да” бағасын көтеріп жібереді ғой”, – деп ашынды Әділет Қайратұлы есімді жігіт.

Сондай-ақ, тележүргізуші Тахир Сұлтан Тұрсынбектің бұл ісін тәлпіштікке балады.

“Тұрсынбек мырзаның ісі соған лайық болса, шықсын. Бірақ, 5 миллион теңгеге асаба жалдап, той жасау ысырапшылық деп ойлаймын”, – деді тележүргізуші.

comments powered by HyperComments