Домой Новости Қуат Хамитов Головкиннің нашар қарсылас таңдағанына күйінді

Қуат Хамитов Головкиннің нашар қарсылас таңдағанына күйінді

Аралас жекпе-жек шебері Қуат “Найман” Хамитов Геннадий Головкиннің америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен болатын жекпе-жегіне қарсы шықты. Айтуынша, Головкин өзіне сай емес қарсылас таңдаған. Бұл туралы ол Vesti.kzсайтына берген сұқбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қуат Хамитов. Фото: Tengrinews.kz

Головкин мен Мартиросянның белдесуі 5 мамыр күні Лос-Анджелес маңындағы StubHub Center аренасында өтетіні белгілі. Алайда аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Головкиннің таңдаған қарсыласына қарсы шықты.

“Екі жыл бойы ешкіммен күш сынаспай, соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан боксшы. Меніңше, ол лайықты қарсылас емес. Ол Головкиннен төмен салмақтағы боксшылармен белдесіп, жеңіліп қалған.

Екінші жағынан, бокстың дәуірі аяқталып келеді. Ал біздің боксшымыздың салмағында лайықты қарсылас жоқ. Егер ММА-ға көз жүгіртсеңіз, оныншы нөмірдің өзі бес раундқа созылатын жекпе-жекті көрсете алады.

Үздік бестік қатарында да оларға тең келер қарсылас жоқ. Сондықтан да мен боксты қарамайтын болдым. Бұл Мейвезер мен Уордтың кетуімен байланысты. Жекпе-жекте бір-біріне қарсы тұра алатын қарсыластарды таңдау керек. Өкінішке қарай, бокстағы мұндай кездер аяқталды”, – деді Хамитов.

Сонымен бірге ол Головкиннің орнында кімді таңдайтынын айтты.

“Оның орнында Джейкобсты таңдар едім. Одан өзге мықты қарсылас жоқ. Украиналық ең соңғы нұсқа болатын. Мен Мартиросян секілді боксшымен ешқашан шықпас едім. Бұл өзіме деген құрметсіздік болар еді”, – деді ол.

Еске салсақ, Головкин 5 мамырдағы бокс кешінде WBC, WBA (Super) және IBO титулдары үшін алаңға шығады.

comments powered by HyperComments