Домой Новости Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 26-28 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын тоқтайды. “Қазақстан аумағы арқылы ауа райын екпінді өзгерте отырып үлкен жылдамдықпен циклондар және антициклондар жылжып келеді. Алдағы тәуліктерде республиканың басым облыстарында антициклонның әсерінен жауын-шашын қысқа уақытқа тоқтауы күтіледі. Қазақстанның батысына қарай кезекті атмосфералық фронттар жақындап қалды. Олардың шығысқа қарай жылжуына байланысты, республиканың солтүстік жартысында басымырақ, жауын-шашын және жел күшейеді”, – дейді “Қазгидромет” өкілдері.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/sinoptikter-aldagyi-kunder-aua-rayyi-kanday-bolatyinyin-288570/

comments powered by HyperComments