Сәрсенбі күні Өскемен – Алматы тасжолында жантүршігерлік жол-көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан бес адам көз жұмған. Олардың ішінде кішкентай бала да бар деп хабарлайдыNUR.KZ.

Фото: odessa.report
Бұл туралы ІІМ-нің өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді.
Жол-көлік апаты Таскескен ауылының маңында болған.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, үлкен жылдамдықпен келе жатқан автокөлікпен соқтығысты.
Оқиға салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы мерт болған. Жолаушылардың бірі бес жасар бала болып шықты. Олар оқиға орнында жан тапсырды.
Тағы да екі адам ауруханаға жеткізілген.
Жол-көлік апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
comments powered by HyperComments