Шымкенттік 23 жастағы жігіт Әкбар Елубайұлы Наурыз мерекесі кезінде қатарынан үш қошқар ұтып алған. Қайсар жігіт олардың әрқайсысын 74 мәрте көтерген деп хабарлайды Замана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Замана
Сондай-ақ 22 наурыз күні Шымкенттің өзінде өткен мереке кезінде салмағы 70 келі тартатын қошқарды 90 мәрте көтеріп, әділқазылары таңғалдырған.
Жас жігіт үш қошқарды да қанжығасына байлаған.

Үш қошқар
Сонымен қатар жас жігіт 2014жылы әкесіне қажылыққа жолдама ұтып берген екен.
“Сарыағашта Әбдіғаппар Сманов ұстаз жыл сайын арнайы турнир өткізеді. Жарыс кезінде жеңіске жеткен түйе палуанға қажылыққа жолдама береді. 2014 жылы осындай жолдама ұтып алуды нәсіп еткен еді, оны әкеме сыйға тартқанмын”, – дейді Әкбар.
Әкбар қошқар көтеру жарысына алғаш рет өткен жылғы Наурыз мерекесінде қатысқан екен. Сол кездері қатарынан 4 қошқар ұтып алыпты. Биылғы олжаларын қосқанда оның ұтқан қошқарлары жетеу болып тұр.
Бұдан бөлек, ол облыста өткізілетін көкпарларға да қатысып тұрады екен. Көкпарларда салым салып, 3 өгіз де ұтыпты.
comments powered by HyperComments