Домой Новости Оралман ба, әлде отандас па: Елген көшкен қандастарымызды қалай атаған дұрыс?

Оралман ба, әлде отандас па: Елген көшкен қандастарымызды қалай атаған дұрыс?

Еңбек министрлігі шеттен көшіп келген қандастарымызға қандай атау берерін шеше алмай жүр. “Оралман” деген терминді қолданыстан мүлдем алып тастау мәселесін арнайы комиссия әлі талқылап жатыр екен деп хабарлайды КТК арнасынасілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Liter.kz

Көрнекі фото: Liter.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің айтуынша, мамандар “оралманның” орнына “отандастар” деген сөзді пайдалануды қарастырып жатыр. Бірақ, комиссия нақты шешімге келмеген. Сондықтан, “оралман” деген сөз қолданыста қалуы да мүмкін.

Бұған дейін депутаттар шетелдерден көшіп келген қандастарымызды “оралман” деп атаудан бас тартуды ұсынған болатын. Өйткені “оралман” деген сөз этникалық қазақтарды кемсітіп, олардың жергілікті жұртпен тең өмір сүруіне, ортаға сіңісіп кетуіне кері әсер етеді екен.

comments powered by HyperComments