Домой Новости Оралда 88 жастағы әжейді өзінің иті талап өлтірді

Оралда 88 жастағы әжейді өзінің иті талап өлтірді

Оралда ит өзінің қожайынын талап өлтірді. Оқиға бүгін 4 сәуірде түнде болған. Ал қайғылы жағдай туралы марқұмның туыстары тек таңертең ғана білген деп хабарлайды “Уральская неделя” басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Марқұмды қауып алған ит. Фото: uralskweek.kz

Оқиға Оралдың Некрасов көшесінде орналасқан жеке үйлердің бірінде болған. 88 жастағы кейуананың ажалы өз итінен келген. Зейнеткердің көршісінің айтуынша, марқұм үйде жалғыз өзі тұрған.

“Әжей бұл итті күшік кезінен асыраған. Ол үнемі байлаулы тұратын және үлкен де емес ететін. Асыл тұқымға да жатпайын. Бүгін түндеменің көршімді ит қауып алды. Жедел жәрдем келді. Біз әжейдің қан қысымы көтеріліп кеткен екен деп ойладық. Таңда көршілер жедел жәрдем ішке кіре алмағанын ал кейуананың көп қан жоғалтқандықтан қайтыс болғанын айтты”, – дейді марқұмның көршісі.

Қазір оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр. Аталған жағдайға қатысты БҚО ІІД әзірге пікір білдіріген жоқ.

Ветернария қызметкерлері иттің көзін жойып, тексеуге алып кеткен.

comments powered by HyperComments