
ОҚО-да “зорланды” деген жеті жасар баланың ісіне шетелден сарапшы мамандар тартылды. Бұл туралы қоғам қайраткері Аружан Сайын өзінің Instagram парақшасында мәлімдеген деп жазады NUR.KZ.
Істің ақ-қарасын ажырату үшін Қырғызстан, Грузия мен Ресейден арнайы мамандар шақыртылыпты.
“Біз осыдан кейін шынайы ақпаратқа қол жеткіземіз деп сенеміз. Сексуалдық зорлық-зомбылық бойынша тергеу үнемі жабық режимде өтетіндіктен, ешкім оның барысын мәлімдеп отырмайды. Барлық түсініктемені Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы беруі керек. Алда басқа да сараптамалар жасалады”, – деп жазған қоғам қайраткері.
Бұдан бөлек, Аружан Сайын баланың анасына қолдау білдіріп, оған көмек көрсетіп отырған адамдарға алғысын жеткізді.
comments powered by HyperComments